Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға арналған республикалық семинар-кеңесі өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР АШМ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми институттар басшылары, ғалымдар, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Семинарда Түркістан қаласы азық-түлік белдеуі шеңберінде, су нысандары бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері таныстырылды.
ҚР Үкімет тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында өңірде аграрлық салаға үлкен басымдылық беріліп отыр. Оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11 мың га алқапқа азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысы жүргізіледі. Мәселен, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30 млрд.теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Бұдан бөлек, азық-түлік белдеуі шеңберінде 10 000 басқа арналған бордақылау алаңын салу («Сити Строй» ЖШС), жылдық қуаттылығы 20 мың.тонна етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл» ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешеші (YDA INSAAT түрік компаниясы) жобалары дайындалуда. Жалпы бұл жобалар арқылы Түркістан қаласын азық-түлік белдеуін қалыптастырудан бөлек, жасыл белдеу жүйесі құрылып, Түркістан қаласының климатын жақсартуға, облыс орталығында халықтың өмір сүру қолайлығы деңгейін көтеруге қол жеткізілмек.
Сондай-ақ, шара аясында «Түркістан – Агро XXI» ЖШС-нің «1200 басқа арналған сүт тауарлы фермасы» кешенінің іргетасына капсула орнатылды. «Rota Guido» италия технологиясымен жұмыс істейтін жобаның жалпы құны құны 3,7 млрд.теңге. Серіктестік жобаның алқашқы кезеңін (600 басқа) 2020 жылдың тамыз айында толығымен іске қосуды жоспарлауда.