“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының «Қамқорлық» бағдарламасына отырарлықтар белсенді түрде атсалысып жатыр. Бұған дейін көптеген игі істер атқарып, көмекке мұқтаж екі отбасыға тұрғын үй алып берген ауыл азаматтары қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған секілді.
Осы игі шара аясында Отырар ауданында тағы да бір отбасы баспаналы болды. Шәуілдір ауылында 18 жылдан астам уақыт бойы пәтер жалдап келген Пернебай Бейсенбиевтің отбасы бүгін қоныс тойын тойлап, шаттыққа кенелді.
Қуанышты хабарды бөлісуге арнайы барған «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов аталған отбасын жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрмыстық техниканы тарту етті. Аудан басшысы партияның «Қамқорлық» бағдарламасы алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мәселелері де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Ауданның ерікті жастары да қарап қалмады. Олар тұрғын үйдің ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға көмектесті.
Ардақты ана Несіпкүл Байдәулетова тұрғын үй алуға көмек берген Шәуілдір ауылының қолы ашық, жанашыр азаматтарына аналық алғысын айтты.
Бүгінде Түркістан облысында “Бақытты отбасы” партиялық жобасы және өңірлік “Қамқорлық” бағдарламасы аясында мыңнан астам аз қамтылған отбасыға қолдау көрсетілді. Бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен демеушілер арқылы 5 отбасы үйлі болды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...