Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде «Үміт» шаруа қожалығы гүл өсірумен айналысады. Шаруа қожалық 2004 жылы құрылған. Төрағасы – Рустем Ибрагимов. Қожалықтың жер көлемі – 4,5 гектар. Шаруа көлемі 40 соттық жылыжайға – раушан гүлін, 10 соттыққа – қалампыр гүлін өсіріп отыр. Онда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Маусымдық жұмысқа 15 ауыл азаматтары атсалысады. Орташа айлық жалақылары – 60 мың теңге. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі – 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана – раушан гүлі жиналған. Биылғы маусымда да өнім аз болмайды дейді шаруа.
Жалпы Тұрбат ауылында жылыжай көлемі – 55,3 гектар. Ал аудан көлемінде өткен жылы жылыжай саны – 156,01 гактарға жетті. Осы жылыжайлардан 2019 жылы 39,8 мың тонна – көкөніс, 100 тонна – лимон, 840 мың дана – гүл өнімдері жиналған.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...