Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуін алдын алу мақсатында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйытқы болуымен арнайы жиын болып өтті.
Кездесуге бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, облыстық статистика департаменті мен ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық тұрақтандыру қоры басшылары, сондай-ақ Түркістан қаласындағы ірі сауда маркеттері мен көтерме сауда базарларының басшылары қатысты. Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг барысы мен баға өсімін алдын алуға қарсы бағытталған шараларды іске асыру жұмыстары талқыланды.
Облыс әкімдігімен қабылданған Қағида талаптары мен кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлардың тиімді жақтары жан-жақты түсіндірілді. Облыс тұрғындары үшін маңыздысы, сауда орындары басшыларымен өзара түсіністік жағдайында бірлескен шараларды атқару жөнінде нақты шешім қабылданды. Демек, алдағы уақытта барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы толық облыстық әкімдіктің бақылауында болады.
Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысы бекітілген болатын.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...