Түркістан қаласында абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасымен қала аумағы 16 секторға бөлініп, «Яссы» мөлтек ауданындағы 8-ші секторды дамыту – облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Төлеби ауданының әкімдігіне және Түркістан қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне жүктелген болатын. Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта, 8-ші сектор аумағында орналасқан Р.Есетов атындағы №20 мектептің алдындағы И.Мұсақұлов көшесі толық асфальтталып, көше бойына оқушылар жүретін аяқ жол жабыны (брусчатка) төселді. Сондай-ақ, жол жиегіне жарық шамдары орнатылды.
Атқарылған игі іске өңір тұрғындары мен балғындары дән риза. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа барлық жағдайды жасай беруіміз қажет.
Алдағы уақытта 8-ші секторды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі