Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының тұрғыны 86 жастағы қария Үсіпбек Сапарбеков сайлау учаскесіне келіп алғашқы болып өз дауысын берді. Ауылдағы Б.Онтаев көшесінде орналасқан №20 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып кеткен. Ауыл ақсақалы ел болашағына бей-жай қарамайтындығын айтып, үміткерлерге сәттілік тілеп ақ батасын берді.
Айта кетейік, Арыс қаласында жалпы 12 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы қалаға қарасты ауыл округтерде 10 440 азамат дауыс береді деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі