Бүгін Түркістан облыстық әкімдігінің жаңа ғимаратында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының жетекшілігімен құқық қорғау органдары мен әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейтін болады. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған жобамен танысты. Өңір басшысы, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тұрғындардың өтініші мен құқықтары әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.
Ұлт көшбасшысын бұл жобаның жұмысымен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды. Арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағым, өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сонымен бірге құқық қорғау органдары мен тұрғындар жиі сұрақ қоятын әлеуметтік саланың өкілдері де тұрғындарға көмектеседі. Әрбір азаматтың шағымы пост-терминал арқылы қабылданады. Барлық өтініштер партия тарапынан тұрақты қадағалануға алынады. Бұл жаңа бастама ашық әкімдік жобасын жандандыру мақсатында қолға алынып отыр.
Бүгінде Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы аясындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.
Қоғамдық қабылдау кеңсесі «Open space» форматында ашылып, жаңа ғимаратқа көшірілді. Лауазымды тұлғалар тұрғындарды тұрақты түрде қабылдап, мәселелер шешімін табуда. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында партия филиалының барлық Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6047 арыз-шағым түскен: оның 2358 (яғни 39%) оңтайлы шешілсе, 3611 өтінішке заң аясында кеңестер берілген. 9 айда 2006 қабылдау жүргізіліп, 9937 тұрғынның өтініштері бетпе-бет тыңдалды. Өтініш-тілектерінің басым бөлігі оң шешім тауып, қанағаттандырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге заң жүзінде кеңес беріп, арыз-шағымын тыңдайтын Қоғамдық бизнес-қабылдауы да іске қосылған.
Бүгінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 90 мыңға жуық мүшесі бар. Өңірде 255 бастауыш партия ұйымына талдау жүргізіліп, 2,5 мыңнан аса адам партия қатарынан шығарылған. Жаңадан бес бастауыш партия ұйымы ашылып, кәсіпорын мен шаруашылық ұйымдарының өкілдері партия қатарына тартылды. Осы жылдың соңына дейін ашылатын бастауыш партия ұйымдарының санын онға жеткізу жоспарланып отыр.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...