Түркістан қаласында «Халықаралық қарттар күніне» арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, қазыналы қарияларды мерейлі мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа өзінің өнегелі еңбек жолымен үлгі болып жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері ҚР Президенті Алғыс хатымен, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің атынан 10 ардагерге «Сарыағаш» шипажайына жолдама тапсырылды.
Түркістан облысында 170 мыңға жуық зейнеткер болса, оның 59-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 9500-ден астамы тың еңбеккерлері. Бүгінгі таңда ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 446-ға жуық 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстемеақы төленеді. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...