Түркістан облысында COVID-19 вирусына қарсы және індеттің алдын-алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде. Сондай шараның бірін «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» мен Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.
Сабақ түрінде өткен шараға аталған орталықтардың қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты. Ондағы мақсат – мекеме қызметкерлерін санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимде жұмыс істеуге бейімдеу болатын.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда дезинфекциялау шаралары күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар ақпаратық ситуациялық орталыққа жолдануда.
Қазірге дейін адамдар көп шоғырланатын 2481 нысанда қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліпті. Оның ішінде 29 базар, 23 халыққа қызмет көрсету орталықтары, 498 сауда орталығы, 181 тамақтану нысандары, 304 жалпы білім беретін мектептер, 19 интернат, 614 мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемелері бар. Сондай-ақ, 3 балалар үйі, 29 орта және жоғары оқу орындары, 285 емдеу алдын алу мекемелері, 5 оңалту орталығы, 135 дәріхана, 28 автовокзалдар, 85 діни мешіттер, 39 монша, 45 шаштараз, 6 саябақ, 6 мал базар, 323 қоғамдық көлік те дезинфекциялаудан өткен.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...