Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депарменті өткен жылы атқарған жұмыс қорытындысымен мемлекеттік бюджет жоспарын 101,2 пайызға орындап, бюджетке нақты 194 млрд 593 млн. түсім түсті. Департамент 2019 жылдың жұмыс қорытындысымен республика бойынша 2 орынды иеленді. Бұл туралы департамент басшысы Дулат Нұрмолдин мәлімдеді.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке нақты 130 млрд. 442 млн.тг. өндіріліп, жоспардың орындалуы 107% құраған. Түсімдердің өсу қарқыны 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға өскен.
«2019 жылы Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 580.7 млн. АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, 2,7 млн. АҚШ долларына ұлғайған. Тауар айналымның өсуінің басым бөлігі – жеміс-жидектер және құрылыс материалдары. Облыс Өзбекстан мемлекетімен шекаралас орналасқан. Екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтып, шекарадан өтетін жеке тұлғаларға қолайлы жағдайлар жасау бағытында «Қазығұрт», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» кеден бекеттерін жаңғырту жүргізілуде», – деді Дулат Нұрахметұлы.
Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін облыстың 16 мемлекеттік кірістер басқармаларында 18 ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру орталықтары орналасқан. Департамент тарапынан 44 қызмет түрі көрсетіледі: салық қызметінде – 27, кеден қызметінде – 17.
Айта кетерлігі, шекардан өту уақыты бойынша 2019 жылғы индикатор 57 минутты құраған. Орташа уақыты 35 минутқа жеткізілген.
«Кедендік шекара арқылы заңсыз есірткі тасымалына қатысты «Қазығұрт» кеден бекетінде – 16 құқық бұзушылық, «Жібек Жолы» кеден бекетінде – 11, «Қапланбек» кеден бекетінде – 4, «Атамекен» кеден бекетінде – 1 дерек анықталды. Атап өтетін жағдай, «Жібек Жолы» кеден бекетінде жалпы салмағы 12 келі құрайтын «героин» және жалпы салмағы 3,522 келі «каннабис смоласын» ірі көлемде жасырын алып өту фактісі анықталды. Сонымен қатар, «Атамекен» кеден бекетінде жалпы салмағы 2 келі «героин» түріндегі есірткі заттарының кедендік бақылаудан тыс алып өту фактісі тіркеліп, құқық қорғау органдарына тиісті шара қолдану үшін жолданды. Сондай-ақ, жалған құжаттар дайындау, өткізу немесе пайдалану дерегімен заңсыз көлік тасымалдары да анықталды», – деді департмент басшысы.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...