«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық икслихат депутаттығына үміткерлер Меруерт Даубаева мен Жомарт Датқаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Мырзакент кентінің тұрғыны, еңбек ардагері 80 жастағы Тұрсынкүл Тортаеваның үйінде болды. Жастық шағын елдің дамуына арнаған Тұрсынкүл апаға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Негізгі атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды.
Әңгіме барысында жастардың арасындағы отбасы құндылықтары, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қозғалды.
Өйткені, қоғамның басты тірегі – отбасы. Отбасының шаңырағы шайқалса қоғамның құты қашатындығы секілді ұлттық рухани және адамгершілік құндылықтарды, жүрегіндегі жылылықты әлсіретіп алып, аяқ асты еткен қай қоғамның да көп ұзамай бордай тозары анық.
«Жас ұрпақтың жүрегіне иман нұрын ұялатып, күш-қуатын байыта білу бүгінгі қоғамның алға қойған басты міндеттерінің бірі» дейді Тұрсынкүл Тортаева.
Кездесу соңында кандидаттар 10 қаңтарда болатын сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді