Түркістан облысында ағымдағы жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Біз бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатуымыз керек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...