Түркістан облысындағы «Nur Otan» партиясының барлық аудандық, қалалалық филиалдарына қарасты бастауыш партия ұйымдарында «Партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау» тақырыбында жиындар өтті. Онда партия мүшелерінің халықпен жұмыс істеу барысында сыпайылық танытып, кез-келген мәселеге байыппен қараудың маңыздылығы кеңінен сөз болды. Яғни, партия мүшелерінің әдептілігі – азаматтардың халықтық партияға деген сенімін арттыра түсудің алғы шарты екені айтылды.
Сондай-ақ жиын барысында партия қатарына жаңадан алынған мүшелеріне «Nur Otan» партиясының Жарғысы мен 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысы туралы жан-жақты түсіндірілді. Айтылған ережелерге бағынбай, Әдеп кодексінде көрсетілген талаптарды сақтамаған партия мүшесі заңда белгіленген тәртіппен тиісті шара қолданылып, партия мүшелігінен шығарылатыны ескертілді.
Айта кетейік, Әдеп кодексі 5 негізгі сала бойынша 19 жүріс-тұрыс ережесін қамтиды. Жалпы алғанда бұл кодекс Мемлекет басшысы ұстанған саясатты жүргізу шеңберінде заңды қадірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдептен аспау секілді оң әрекеттерді қарастырады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...