Келес ауданы, Абай ауылында қаңғыбас ит-мысықтар ауланып, көздері жоюлуда, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Ауданда құтыру ауруының алдын алу мақсатында жыл басынан 1394 бас ит, 10 бас мысықтың көздері жойылды. Аулап жою тобы бекітілген кестеге сәйкес, 2018 жылдың 16 қазан күні Абай ауылындағы қаңғыбас, иесіз ит-мысықтарды аулап жою жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 23 бас қаңғыбас, иесіз иттердің көздері жойылып, бүгінгі таңда жұмыстар қатаң бақылауға алынды.
Келес аудан әкімідігінің ветеринария бөлімінің басшысы Мақсат Ермекбаев : Бұл қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жыл соңына дейін жоспарға сәйкес жүргілетін болады. Қазір бізге қарасты 12 ауылдық округінде өз жұмыстармызды тұрақты түрде жүргізіліп отырлады. Тұрғындардан түсетін арыздар бойынша бізде шұғыл түрде жұмыс жасалып қаңғыбас ит-мысықтар ауланды. Құрметті Келес аудан тұрғындары сіздерден аталған үй жануарларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз.