Келес ауданында «Қамқорлық» жобасы барысында тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созып, қажетті көмек көрсету қарқынды жүзеге асуда. Аудан әкімі, «Nur Otan» партияның аудандық филиал төрағасы Ақментай Есбаев аудандағы бірқатар тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен жүздесті. Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Шаяхмет Тасқұловтың шаңырағына барып, тұрмыс жағдайымен танысты. Отбасының егістік жері бар, алайда онда егін егуге қаржы тапшылығы тұсау болған. Аудан әкімі мұндай жағдайда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы қолдау көрсететілетінін жеткізді.
Келес ауданының басшысы Ораз ата елді мекенінің тұрғыны Жанат Жанабаеваның отбасында болды. Егде жастағы анасы мен қызымен тұратын әйелдің баспанасы ескіріп, шатыры шытынаған. Жергілікті әкімдік қыздарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болды. Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасына еріктілер көмек қолын созып, үйлерін жөндеуге білек сыбана кірісіп кетті. Сонымен қатар, аталған жанұяға ауыл биі де қолдау көрсететін болды.
Сол елді мекеннің тұрғыны 5 баласы бар Шариза Омаралиеваға жауапты сала мамандары жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат рәсімдеуге қол ұшын созды. Отағасына жұмыс ұсынылды.
Керегетас елді мекенінің тұрғыны, 9 баланың анасы Гүлбахар Алпысбаева аудан әкімінің жеке қабылдауына барып, үйінің айналасына шағал тас төсеп беруін сұраған болатын. Келес әкімі Ақментай Үсенұлы көпбалалы ананың үйін Нәтижесінде ауыл округінің әкіміне мәселені шешуді тапсырды.