Соныман қатар, бір уақытта GPS трекеры арқылы электронды билет жүйесі орнатылатын болады.
«Аталған пилоттық жоба аяқталған соң қалған барлық қалаішілік бағыттағы 21 автобусты қамту жоспарлануда. Ал электронды билет жүйесі енгізілген автобустардың жалпы саны 270-ті құрамақ. Сондай-ақ, Түркістан қаласында инвесторлар есебінен 1 «ақылды» аялдама және 5 жарнама стэлін орнату жобалануда», – деді Бастар Әуелханұлы.
Бұдан өзге, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тұрақты түрде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған 20 бейнебақылау камераларын орнату көзделуде. Сонымен қатар, Кентау қаласында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуші 10 бейнекамера және 2 интеллектуалды жол қиылысын орнату жоспарланған.