Ағымдағы жылдың 17 қазанында Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі болып өтті, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тітшісі.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшылығы, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, «НұрОтан» партиясының аудандық, қалалық филиалдарының бірінші орынбасарлары, Қоғамдық кеңестердің облыстық, қалалық, аудандық төрағалары мен мүшелелері, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс шараның мақсаты – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселесінде қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнату. Отырысқа төрағалық еткен Қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Мелдеханов Елбасы әрбір Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелеріне ерекше назар бөлетінін аталап өтті. Мәселен, 5 қазандағы Жолдауда да сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны жайлы айтылып өтті.
Сондай-ақ, Жолдау барысында қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесі мен «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін таратуды нақтылады.
Осы бастамаларды жүзеге асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі ерекше екенін жеткізді. Жиында сөз алған Ұ.Сәдібеков Елбасы әрбір Жолдауларының маңызы зор екенін, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барысында қоғам белсенділерінің орны ерекше екендігіне тоқталып өтті.
Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев «Жолдау маңызды жаңалықпен, ерекше мазмұнмен жарияланды. Жолдауда жастар мәселесі, медицина саласын дамыту, бизнесті көркейту, жалақы мөлшерін арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсарту және елдіміздің даму жолындағы басқа да мәселелер айтылды»-деді.
Сондай-ақ, Ғ.Тұрсынбаев Қоғамдық кеңестер өз дербестілігінің нәтижесінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның арасындағы түйткілді мәселелерді жүйелейтін қауқарлы институт ретінде таныла бастағанын, бүгінгі өтіп жатқан іс-шарамыз да осыған дәлел болып отырғанын жеткізді.
Съезд барысында Түркістан қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.З.Мұсабеков, облыстық арнайы мониторингтік топтың басшысы Ү.Ә.Жүсіпбаев, Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы және Кентау қаласының Жастар орталығының директоры Қ.Бекметов тақырыптық бағытта баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар айтылды.