Түркістан облысының Сайрам ауданы Ақарыс елді мекенінде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Біржан Бубеевті еске алуға арналған I – Республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
4 күнге созылатын турнирге қазақстандық былғары қолғап шеберлері мен бірге Өзбекстан мен Қырғыстанның спортшылары бақ сынайды. Чемпионаттың ашылу салтанаты өтіп, онда ұйымдастырушылар жас боксшыларға сәттілік тіледі. Жырысқа Әуесқой бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, әлем чемпионы Біржан Жақыпов және басқа бокста аты шыққан бапкерлер қонақ ретінде қатысты.
Турнирде 145 боксшы 15 салмақ бойынша кіл мықтыны анықтайтын болады. Жекпе – жектерді 36 келі салмақтағы қатысушылар бастап берді. Облыстық спорт мектебі интернатының түлегі Даниял Қадыр Шымкент бокс мектебінің спортшысына қарсы жұдырық түйістіріп 3:0 есебімен басым түсті.
Ал, ақсулық Бексұлтан Дәулетияров пен Арыстан келген Болат Омардың жекпе – жегі де тартысты өтті. Мұнда жеңімпаз аты төрешілердің шешімінен соң анықталды. Мұнда қарсыласынан ширақ қимылдаған Болат Омархан жеңімпаз атанып, келесі айналымға жолдама алды. Ақтық сайыстары 12 қазан күні өтеді.