Түркістан облысы Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр. Қарбыздың дәнін көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің ерекшелігі дән ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы – ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану. Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...