Іс-шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков қазақтың біртуар ұлының ерліктеріне тоқталды
“Тұрар Рысқұлов – халқы үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елінің тәуелсіз ел болуы жолында атқарған істері мол. Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда халқының амандығы мен бостандығы үшін басын қатерге тіккен тұлға. Халықтың жоғын жоқтап, мұның арқалаған асыл азаматқа арналып жаңа ескерткіш бой көтеріп отыр”, – деді аудан басшысы.
Айта кетерлігі, еңселі ескерткіш демеушілердің ұйытқы болуымен іске асып отыр. Айтулы шараға қатысқан жергілікті ардагерлер мен ақсақалдар, аудан тұрғындары атқарылған игі іске ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауданның 90 жылдығына орай бірқатар ауқымды істер атқарылмақ.