Түркістан облысында өткен жылы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында 5 872 іс-шара ұйымдастырылып, 376 639 адам қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Шындалы мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Туған жер» арнайы жобасы аясында 100 нысан қамтылған.
«Туған жер» жобасы аясында жүзеге асқан 100 нысанның арасында 11 мектеп, 8 балабақша, 7 мәдениет нысаны, 16 спорт алаңшасы, 4 медициналық мекеме және 54 өзге де нысан бар. Оның ішінде 66 нысан салынып, 34 нысан қайта жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсету бойынша облыста «Алтын ұям» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты – мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларында сән-салтанаттың орнына білім алған мектебіне, туған ауылына көмек көрсету. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға баспана, түрлі нысандар салып беруге үлес қосады», – деді Ғалымжан Ғабитұлы.
Бұдан өзге, «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында облыстың танымал 20 табиғи және тарихи нысанына, сондай-ақ «Тарихи-өлкетану мұражайының» 100 экспонатына ақпараттық QR-тақтайшалар орнатылды. Облыс көлемінде 154 сакралды нысан анықталса, оның ішінде 100 нысанға туристік маршруттар тізіміне енгізілген.
«Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралардың жоспары дайындалып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен келісілді. Биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары Бағдарламаның негізгі басымдықтарын негізге ала отырып, 3 бағыттан тұрады. Олар: Тұлғаны дамыту; Ұлттың дамуы, халықаралық позициялау; Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы», – деп мәлімдеді кеңсе жетекшісі.
Сонымен қатар, Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. Облыстағы 16 аудан, қалада өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңселері құрылып, қазіргі таңда барлық аудан, қалада жұмыс істейді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...