Сайрам ауданы аумағында жалпы 1 276 шақырым автокөлік жолы бар. Оның 55,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл аудан бойынша жалпы 42,1 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтуде.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай, 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын күрежолға асфальт төселеді. Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22,5 шақырымы орташа жөндеуден өтуде.
2020 жылы бастау алған жол жөндеу жұмыстары тамыз айында толықтай аяқталады. Жауапты мердігер мекеме — «Корпорация Сити-Строй» ЖШС. Жаңарған жол бойындағы аяқжолдар да орташа жөндеуден өткізілмек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі