2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2019 жылдың соңына дейін негізгі салықтық берешегін төлеу салдарынан өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасауды қарастыратын заң күшіне енген болатын. Бұл ретте, Түркістан облысында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 354,7 млн.теңге (берешегі – 231,8 млн. теңге, өсімақы – 122,8 млн. теңге) көлемінде салық берешегі болған 10 718 шағын және орта бизнес субъектілері салықтық рақымшылыққа ілікті.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 177 млн.теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасын өтеген 10 454 салық төлеушіге тиісті шешімдер шығарып, 112 млн. теңге сомасында өсімпұл есептен шығарылды.
Осылайша, салықтық рақымшылыққа жататын шағын және орта бизнес субъектілерінің 98 пайызы салықтық рақымшылық мүмкіндігін пайдаланды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...