Түркістан облысы Шардара ауданында жыл басынан бері 4 мың тоннадан астам балық өнімдері өндірілген. Жалпы ауданда балық шаруашылығымен айналысатын 5 зауыт жұмыс істейді. Бұл мекемелер балықтың негізгі бөлігін Шардара су қоймасынан аулайды. Қойманың жер асты көлемі 88446 гектарды құрайды. Мамандар балық өнімдерінің экспорт көлемі жылдан жылға артып келе жатқанын айтады. Сондықтан ауданда балықты қолдан өсіру, молайту жұмыстары кеңінен қолға алынып келеді.
Қазірдің өзінде бірнеше кәсіпкер осы істің көзін тапқан. Мәселен, «Хамит» аграрлық-өнеркәсіптік кешені балықты торлы шарбақта өсіру ісімен айналысады. Аталған мекеме 2019 жылы 80 тонна, биыл 200 тоннадан астам балық өсіріп, өндірген. Бұл көрсеткішті келер жылы 400 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, аталған шаруа қожалық Қ.Тұрысбеков ауылында 500 мың дана балық шабағын өсіруді қолға алған. Келесі жылы 10 млн. данаға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Базилов М» биыл Ұзыната ауылында 20 га су айдынына 30 тонна балық шабағын өсіріп өндірген.
Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Т.Жалғасбаев балық өңдеу зауытының ауқымын кеңейтуде. Онда жыл соңына дейін қосымша балық өнімдерін өндіретін және балықтың майы мен жемін шығаратын цехтар іске қосылмақ. Жоба толық жүзеге асса 40 адамға жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Жалпы айтқанда аудандағы балық шаруашылығы өнімінің көлемін 45 пайызға арттыру көзделуде.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...