Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 500 мыңнан астам адамды қамтыған 2500-ге жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 592-сі – түсіндіру жұмыстары, 1908-і – білім беру ұйымдарындағы бірыңғай сағаттар. Бұл туралы журналистер мен өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жемқорлық көріністеріне жол бермеу бағытында 2 Жоғары оқу орны мен 31 мемлекеттік және 35 жекеменшік колледжде «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесі мен облыста орналасқан барлық 903 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасап жатыр. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау соңғы 8 ай ішінде 5 мекеме қызметіне, оның ішінде адами әлеуетті дамыту басқармасына, облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне, облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөліміне, Мемлекетік кірістер Департаментінің кеден блогына жүргізіліп, талдау қорытындысы бойынша енгізілген барлық 84 ұсыныстар орындалды», – деді Ғ. Асанұлы.
«Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен 72 қылмыс тіркелген, оның 59-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары, 31-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Атап айтсақ, парақорлық бойынша – 37, жүйелі қылмыстар – 2, облыстық деңгейдегі лауазымды тұлға – 2, мемлекеттік бағдарлама – 8, шағын кәсіпкерлікке заңсыз араласу бойынша – 14 құқықбұзушылық деректері анықталған», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Жедел басқармасының басшысы С.Пірметов.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Ж.Сәрсенбек сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеу бойынша 8 айда Департаменттің өндірісінде болған жалпы 254 қылмыстық істің, 172-сі өндіріспен аяқталып, оның 58-і айыптау актісімен сот қарауына жолданғанын мәлімдеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...