Биыл Түлкібас ауданының дәнді-дақылдар егумен айналысатын шаруалар үшін қолайлы жыл болды. Жыл басынан бері ауданда 63 401 гектар жер толығымен игеріліп, соның ішінде 25 600 гектар жерден 54 мың тонна астық жиналған. Атап айтқанда 9,7 гектар жерге егілген арпа дәнді-дақылының әр гектарынан 18 центнерден өнім алынса, 15,9 гектар жерге егілген бидайдың әр гектарынан 23 центнерден өнім жиналған.
Шаруалардың айтуынша, биылғы жақсы өнімнің болуы ауа-райының қолайлылығымен қатар, агротехникалық шаралар дер кезінде жасалынғаны және мемлекет тарапынан арзан бағадағы жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштар уақытылы берілгені болып отыр.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...