Түркістан қаласын түркі әлемінің орталығына айналдыру идеясын жүзеге асыруды елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тоқсаныншы жылдары бастап кеткен. Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізген профессор, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың вице-президенті Әміреқұл Әбуов осылай деді.
«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістан қаласында халықаралық университет ашу арқылы стратегиялық қадам жасады деп ойлаймын. Түркия мен Қазақстан бірігіп ашқан бұл оқу ордасы бүгінде түркі әлемінің жастарының басын қосқан орталыққа айналды. Әлемнің көптеген елдерінен бауырлас халықтардың өрендері білім алып, Түркістанда үлкен өмірге қадамдарын жасауда. Ал екі жыл бұрын Түркістанның облыс орталығы атануы қаланың дамуына тың серпін берді. Бұл ретте Елбасымыздың көреген шешімінің маңызы зор», – деді Әміреқұл Әбуов.
Бүгінде Түркістан алып құрылыс алаңына айналған. Еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп жұмыс істеп жатыр. Халықаралық туризм орталығы ретінде дамуына да мүмкіндік мол. Осы деректерге тоқталған профессор Түркістан шын мәнінде түркі әлемінің орталығына айналатын күн алыс емес деген пікірін айтып, оқырмандардың да сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының бапспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...