ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қарызының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді көрсетуді тоқтатпауға кеңес береді. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды. Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...