Елімізде қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде Төлеби ауданындағы тұрмысы төмен отбасылар назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ауданға қарасты ауылдық округтерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар мен отбасы мүшелерінің тізімі жасақталып, оларға кәсіпкерлер тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.
Бүгін Алатау, Бірінші мамыр, Қасқасу және Қоғалы ауылдық округтері мен Ленгір қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы 30 отбасыға «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында азық-түлік таратылды. Сонымен бірге демеушілер арқылы аз қамтылған 20 отбасыға азық-түлік жеткізілді.
Бұл игі іске 450 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Аудан әкімдігі, партия филиалы және жомарт жандардың көмегімен мұндай қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі