Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында салынған заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Спорт кешенінің ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Айта кетерлігі, 210 адамға лайықталған ғимараттың құны 434,6 млн теңгені құрайды. Нысанның құрылысын «Аслай» ЖШС-і жүргізген. Алдағы уақытта жаңа кешенде 1400-ден астам жас пен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен жаттыға алады.
Төлеби ауданында жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.Тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына ықпал жасау мақсатында ауданда 357 спорттық нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 1-«Жастық» стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейіні, 1-«Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 55-спорт залы, 1-мектептік ашық спорттық комплекс, 8-мылтық ату тирлері, 275-ашық спорттық ойын алаңдары, 13-бейімделген спорт залдар бар.
Бұдан өзге, биыл Қасқасу ауылынан жеке кәсіпкердің демеушілігімен құны 150 млн теңгелік спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...