Түркістанда облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал – майор Хаким Көшқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Марафон Б.Саттарханов даңғылының бойындағы Тікұшақ алаңынан басталып Түркістан қақпасына кіріс қақпасы арқылы «Рәміздер алаңына» дейін жалғасты. Қатысушылар 2400 метр қашықтықты бағындырды.
Марафон мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, Мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.
Мәреге бірінші боп жеткен «Оңтүстікфильм» киностудиясының таспагері Бекзат Мұратұлы «Марафонның үздік спортшысы» атанды. Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен, бағалы сыйлықтар табысталды.