Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихатына үміткерлер Ғ.Шүкірбаева, А.Күзенбаев, А.Сұлтанмұрат,Ф.Ахмедова және Г.Убайдина Қазыбек би ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданға 2 аудандық газ тасымалдайтын станция құрылысын салуға;
Жылы су ауылдық округінің (Байқоныс, Әл-Фараби) жалпы 71,5 шақырымдық табиғи газ жүйелерінің құрылысына;
54 ауылдың тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде:
• 2021 жылы 3 ауылда (Ж.Ералиев, Абай ауылдық округтері) ұзындығы 21 шақырымдық;
• 2022 жылы 12 (Қызылқұм, Абай, Ж.Ералиев ауылдық округтері) ауылда ұзындығы 54,9 шақырымдық;
• 2023 жылы 12 (Қызылқұм ауылдық округі) ауылда ұзындығы 79,5 шақырымдық;
• 2024 жылы 12 (Жаңа ауыл, Мақталы ауылдық округтері) ауылда ұзындығы 79,1 шақырымдық;
• 2025 жылы 11 (Мақталы, Ж.Ералиев, Абай ауылдық округтері) ауылда ұзындығы 20,1 шақырымдық газ құбырын салуға ықпал ететінін жеткізді.
Жетісай ауданы Nur Otan партиясы сайлау қорынан қаражаты төленген