Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихатына үміткерлер К.Алиев, О.Асанов, А.Қайназаров, Р.Басымбекова және Х.Исаев Қызылқұм ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданаралық бірнеше көше жөнделетінін айтты;
2021 жылы Асықата кенті, Қазыбек би, Ж.Ералиев ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 37,6 шқ ішкі жолдары;
2022 жылы Жетісай қаласы және Жылысу ауылдық округінің жалпы ұзындығы 48 шқ ішкі жолдары;
2023 жылы Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 62,86 шқ ішкі жолдары;
2024 жылы Жаңа ауыл, Қарақай, Атамекен ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 74 шқ ішкі жолдары;
2025 жылы Ынтымақ, Мақталы, Абай ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 79,54 шқ ішкі жолдары жөндеуден өтетін болады.
Жетісай ауданы” Nur Otan” партиясы сайлау қорынан қаражаты төленген