Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа үміткер Р.Басымбекова, К.Алиев, А.Қайназаров, Г.Убайдина, Р.Наматуллаев және Х.Қожбанова Жетісай қаласындағы «Күлбала» спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Кездесуде үміткерлер спортшыларға партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, спортшылардың ұсыныстарын тыңдады. Үміткерлер кездесу соңында 2025 жылы Жетісай қаласынан заман талабына сай спорт кешені салынатынын жеткізді. Спортшылар партиямызды қолдайтынын айтып алдағы сайлауда үміткерлерімізге сәттілік тіледі. Мәслихат депутаттығына үміткер Рахила Басымбекова ауданымызда бұнымен шектеліп қалмай спорт мектептерінің санын көбейтіп бұқаралық спортты жандандыру керектігін атап өтсе. Өзге кандидаттар жасөспірімдерді спортқа баулуды қолға алу мәселесімен аула спортын дамыту мәселелерін көтерді.
Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының сайлау қоры қаражатынан төленген
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...