Әлеуметтік желілерде “Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр” деген бейнежазба таралған.
Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар белгілі болды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.
Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде. Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді.
Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...