Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан обалысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Жиынға облыс Әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков және облыстық білім беру ұйымының басшылары мен облыстыңбарлық 16 ауданынан келген 800-ден аса «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу парызымыз екендігін атап айтты. Сондай-ақ, бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар Ұлы қасиет екендігін, сондықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажеттігін екенін де атап өтті. Сонымен қатар, Ғ.Тұрсынбаев Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отырған облыстық Слетте барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін Алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарынан тиісті үлгі алу керектігін, сабақтарын жақсы оқуға, тәртібі жақсы озат оқушы болуға шақырды. Слетта сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жас буынды сыбайластықтан аулақ болуға, еліне, ата-анаға, досқа адал болуға шақырды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, сатылмаушылық, әділеттілік,адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда жасап жатқан нақты жұмыстар туралы баяндап өтті. Іс-шара барысында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары, яғни16 аудан оқушылары арасында шеру, флешмоб, қол өнершілер көрмесі, шахмат ойыны, сурет салу және бейнеролик конкурсы өтіп, нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, оларға сыйлықтар мен граммоталар тапсырылды.
Айта кетсек, бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 904 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған, онда 300 мыңнан аса мүшелері бар.
Түркістан: Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясында 2 жоба үздік атанды
Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятты көтеруге бағытталған жобалар байқауы өтті. Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылып, 33 жоба үздік...