Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жасөспірімдерді аудандық полиция басқармасының жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Бұл акция Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ, аудан прокуратурасы, аудандық білім бөлімі, спорт бөлімі, “Нұр Отан” партиясымен бірге ұйымдастыруы негізінде «Мен және менің полицейім» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – балаларды, олар арқылы ересектерді де полицияның жұмысымен таныстыру, жолдарда жүріп-тұрудың негізгі ережелерін үйрету, құқық бұзушылыққа жол бермеу. Сондай-ақ, оларға қоғамдық орындарда және жолдарда қауіпсіз өтудің кейбір негізгі ережелерін үйрету болып табылады.
Осы шара өткізіліп болған соң аудандағы өкілетті мекемелердің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыстырыла отырып, акция қорытындысы талқыланды. Жиналыс соңында алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты өткізу туралы сөз болды.