Сарыағаш ауданының жас шахматшылары Жансая Әбдісәлікпен кездесті, – деп хабарлайды ERNUR.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Көктерек кентіндегі «Aray Deluxe» шипажайында Сарыағаштық шахматшы жастар халықаралық жарыстардың жеңімпазы, гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлікпен кездесті. Аталмыш іс шараға карантин талаптарын сақтап №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абдалиев Арман, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Иматов Қанат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айдағараев Бақдаулет, шахматтан Түркістан облысының аға жатықттырушысы Дауытов Полатбек және жетістікке жеткен жас шахматшылар қатысты. Сарыағаш аудандық “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырған ездесу “Жеңіске жетудің сырлары” деген атаумен өтті. Кездесуде жастарға жеңіске жетудің сырлары, жасөспірімдерді шахматқа баулу төңірегінде ой қозғалды. Жансая Әбдімәлік өзінің өмір жолы мен спорттағы табыстары туралы кеңірек әңгімеледі. Жастар сұрақтарын қойып, шахмат спорты туралы тың деректерге қанық болды. Сондай-ақ, Жансая жас шахматшылар мен қонақтарға бірсеанстық ойын беріп, өз шеберлігімен бөлісті. Жастардың кейбірі Жансая Әбдімәліктің шәкірті болғысы келетіндерін жасырмады. Сарыағаш ауданында шахмат спортына қызығушылық жоғары. Шахматшыларға жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда ауданда №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 160-қа жуық жастар шахмат спортымен тұрақты түрде айналысады. Тәжірибелі жатықтырушылар шахматшылармен тығыз жұмыс жасайды. Нәтижесінде шахматшылар республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып келеді. Шахматшылардың тәжірибелерін арттыру мақсатында, ауданда тұрақты түрде біріншіліктер ұйымдастырылып тұрады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...