Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында ҚР Конституция күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, Түркістан қаласының тұрғындары, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысқан облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ түркістандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...