Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына байланысты өңір басшысы Ө.Шөкеев Арыс қаласындағы тәжірибеге сүйене отырып, шаһарды 32 секторға бөлген болатын. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты боп бекітілген. Арыс қаласына бекітілген №12 секторда бірқатар жұмыстар атқарылып, ел игілігін көруде. Арыстықтар киелі шаһарды көгалдандыру мен абаттандыру үшін өздеріне бекітілген секторда 10000-нан астам көшет отырғызу жоспарлап, қазірдің өзінде бекітілген секторда 1000 түп үйеңкі, 3500 түп қаратал көшеттерін отырғызып үлгерген. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жасыл желектер қаланың көркін ашады деп отыр арыстықтар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі