Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен “Түркістанның руxани керуені” тақырыбында брифинг өтті.
Брифингтің басты мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша облыс тұрғындарын ақпараттандыру.
Шараны жүргізген облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абуов тұңғыш рет қолға алынған жобаға тоқталды.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «Түркістанның рухани керуені» тақырыбындағы кездесу 27 қараша күні бірқатар қала, аудандарда, 28 қараша күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізуді жоспарлап отырмыз» деп атап өтті.
Кездесудің басты қонақтарының қатарынан республикаға танымал спортшылар мен өңірімізден шыққан өнер жұлдыздары табылды. Олар аталған рухани керуеннің көшін бастап, облысымыздың барлық аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырмақ.
Брифинг барысында еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Ақжүрек Таңатаров, Мьянмада өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов, «Қазақстан барысы” Жұманазар Ерсұлтанов сөз сөйлеп, аталған шараның жастар мен облыс тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталды.
«Жаңа жоба аясында біз аудан қаладағы жастармен кездесеміз. Өзіміздің ағалық ақылымызды айтып, дұрыс жолға балаларды бағыттаймыз. Бұл кездесулер соңында әр ауылдан 4-5 спортқа әуес жастар шықса біздің нәтижеміз осы деп білемін” деді Ақжүрек Таңатаров.
Сондай-ақ брифингте республикаға танымал спортшылар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, тұшымды пікір алмасты.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...