Түркістан облысы 28-қаңтардан бастап эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. Облыста соңғы апталарда инфекцияға шалдығу жағдайларының төмендеуі байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 18-қаңтарынан 14-ақпан аралығында КВИ аурушаңдығы -1 218 жағдайға азайған. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.
«Коронавирусқа қарсы екпе егуде облыс бойынша І-компонентпен 1 047 047 адам, ІІ – компонентпен 1 044 185 адам егілген. Ревакцинациялаумен 304 425 адам қамтылды. «Пфайзер» вакцинасының І-компонентімен 175 988 адам, ІІ-компонентпен 113 449 адам егілді. Облыста жыл басынан бері «қызыл» статустағы 90 азамат, «сары» мәртебедегі 6 азамат оқшаулау режимін бұзған. Жалпы соммасы 643 000 теңге айыппұл салынды», – деді Бақтыораз Мизамұлы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова облыс бойынша 900 инфекциялық және 350 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын айтты.
«Түркістан облысында ақпан айынан бастап вакцинацияның 2 812 260 дозасы жеткізілді. Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резервтік қор қалыптастырылды», – деді ол.