Бүгінгі таңда Түркістан облысына тиесілі тұрақтандыру қорында жалпы құны 954,9 млн теңгенің 10 033,2 тонна тауары бар. Оның ішінде: тұрақтандыру қорында – 3 727,9 тонна, «Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна. Ал нақты Ескі Иқан елдімекеніндегі қоймада 102 тонна өнім бар, қалғаны жеткізушілердің қоймасында. Бұл жайында бүгін Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева пресс-тур аясында мәлімдеді.
«Түркістан қаласы аумағында 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде («Шапағат», «Дастарқан», «Береке», «Дәулет», «Бәйтерек») 18 түрлі азық-түлік тауарлары сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз – 100 теңге, пияз – 70 теңге, тұз – 42 теңге, күріш – 245 теңге, қант – 315 теңге, ұн – 150 теңге, күнбағыс майы – 700 теңге, қарақұмық – 450 теңге, жұмыртқа – 34 теңге, тауық еті – 870 теңге, қырыққабат – 110 теңге, сүт 2,5% – 265 теңге, айран 2,5% – 270 теңге, сары май – 2 500 теңге, ірімшік – 1 500 теңге, бөлке нан – 70 теңге көлемінде сатылуда», – деді Лаура Сақтағанқызы.
Азық-түліктердің аталған бағада сатылып жатқандығына БАҚ өкілдері пресс-тур аясында көз жеткізді. Сонымен қатар, әр жұмада Түркістан қаласындағы Экобазарда азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық төмен бағада тұрақты сатылуда. 2022 жылдың басынан бері 10 рет азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 5 млн теңге сомасына 30,1 тонна тауар сатылды.
САЙРАМ: “ЭРУДИТ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды...