Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихатына үміткер, праймериз қатысушысы Дәурен Әуесбекұлы Тұрдалиев Төлеби ауданы, Бірінші мамыр елдімекенінде «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Ондағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру болатын.
Ең алдымен Дәурен Әуесбекұлы Бірінші мамыр ауылының тұрғыны, 70 жастағы зейнеткер, партия ардагері Ақберді ақсақалдың отбасына атбасын бұрды. Қария өмірінің 30 жылын мемлекеттік қызметке арнаған сыйлы кісі. Бүгінде ауыл тұрғындарын ынтымақ-бірлікке шақырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Ақылгөй ақсақал алдағы сайлау науқанының сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, үміткерлерге ақ батасын берді.
«Бүгінде ауыл халқының жағдайы өте жақсы. Бұрындары мұндай аста-төк дастархан болмайтын. Халық қара нан мен қара шайға зар болған күндер аз болған жоқ. Міне, тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болғанның арқасында мемлекетіміз күн санап дамып, халықтың да тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Бұл алдымен Елбасымыз, партия төрағасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқасы саясатының арқасы. Сондықтан мен ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге барынша шақырған болар едім. Ендеше, алдағы саяси бәйгеде партиямыз ең көп дауыс жинап, аламанның алдынан келеді деген үмітіміз бар», – деді ақсақал.
Кездесу барысында үміткерлер денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылда атқарылар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын да тілге тиек етті.
« Төлеби ауданының потенциалы өте мол. Әсіресе, қысқы және жазғы туризмді дамытуға өте қолайлы. Алдағы жылдары партияның бастамасымен Қасқасу тау шатқалынан тау шаңғы демалыс аймағы салынғалы отыр. Бұдан бөлек, ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнес өкілдерін сүйемелдеу секілді сан-салада қыруар жұмыстар атқарылмақ. Ендеше баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Дәурен Әуесбекұлы.
Мұнан соң Дәурен Тұрдалиев Қаратөбе ауыл округі, Қаратөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуы, спорт алаңшаларын салу, үйірмелер ашу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, ауыл ішілік жолдардың сапасын жақсарту сынды өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Дәурен Әуесбекұлы алдағы саяси науқанда билік партиясына барынша қолдау білдіріп, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...