Іс-шара аумақтағы мамандандырылған ХҚО, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы автокөлік базары, автосалон және автодүкендерін қамтыды. Акция барысында 300-ге жуық автокөлік жүргізушілеріне кеңес берілді. Ауызша түсіндіру автокөлік иелеріне электрондық үкімет порталындағы толық нұсқаулар мен таныстырлымдар көрсетілген ақпараттық парақшаларды беру арқылы жүргізілді. Осылайша, ЭЦҚ өтінімін тіркеу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұлдар мен салықтарды төлеу жүйелері біртіндеп көрсетілді. Сондай-ақ, автокөлік иелері онлайн режимінде «Көлік құралдарын онлайн тіркеу» және «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалай алуға болатындығын үйретті.
Мамандандырылған ХҚО басшысының орынбасары Тоқтамысов Ерқанат бүгінгі акцияның мақсаты — электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін барынша ашу екендігін атап өтті. Азаматтар автокөлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін мамандандырылған хқо-ға немесе ІІМ-нің тіркеу және емдеу бөліміне бармай-ақ ала алады. Бұл жүйе азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар мамандандырылған ХҚО жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұған дейін көлік құралдарын тіркеу қызметіне өтініш беру үшін сатушы мен сатып алушыға «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне баруға тура келетін. Ал енді онлайн режимінде қызмет алу үшін egov.kz порталына тіркелу арқылы өзіңіз сатқан автокөлік туралы ақпаратты енгізуге, айыппұлдардың бар-жоқтығын тексеруге, салық қарыздары мен техникалық тексерістерді сұрата аласыз, ал егер қарызыңыз бар болған жағдайда, электрондық үкімет порталы арқылы төлем жасай аласыз. Сатып алушы электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіндгі өтінімдерімен таныса алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-сы арқылы смарт-келісімін растайды және ол нөмірлік белгілерін алу үшін мамандандырылған ХҚО-ға барады немесе үйге жеткізіп беру қызметін пайдалана алады», — дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінің жетекшісі Алтынай Татаева.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автомобильдерді қайта тіркеуден бас тартты. Сәйкестік тек алғаш рет тіркелген көліктерде ғана сақталып қалды.
Анықтама: Ағымдағы жылдың 7айында көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша 153 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 28 619 жүргізуші куәлігі берілген. ХҚО-лардың жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.