Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы, 2018 жылыдың 4 қазан күні, Айберік, Гүлсім және Байсерік есімді азамат, азаматшаларды дүниеге әкелді, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі Келес аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы №138 жалпы орта мектебіндегі шағын орталықта 2017 жылдан бері көмекші тәрбиеші болып жұмыс істеп келеді. Жұбайы Молдыбаев Дәуірхан
Жұмабекұлы ауыл шаруашылық саласында диханшылықпен айналысады. Ұлжалғас Абдибекқызының осыған дейін бес ұл-қызды өсіріп отқан болатын. Енді ол сегіз балалы батыр ана атанып отыр. Қазіргі таңда батыр ана мен нәрестелердің жай-күйі жақсы жағдайда. Сәбидің ата-анасы қуанышымен құттықтаған барша жұртшылыққа рахметін айта отырып, әрбір отбасыға осындай бақытты сәт тілейді. Айта кететін жайт, бұған дейін жаңадан құрылған Келес ауданының Бірлік ауылында алғашқы үшем дүниеге келген болатын.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...