Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында Жетісай қаласының әкімі Елшібаев Тұрышбек Күлішұлы жергілікті БАҚ өкілдерінің алдында 9 айда атқарған жұмыстарының және Жетісай қаласының 50 жылдығына арналған іс-шаралары жөнінде есеп берді.
Қала әкімінің айтуына қарағанда қазіргі таңда Жетісай қаласының аумағында 48750 адам тұрады.
«Қаламыздың экономикалық қуаты мен әлеуметтік жағдайының қарқын алуы, жаңа құрылыстардың бой көтеруі 1969 жылдың 26 маусымынан жаңа шаһардың – Жетісай қаласының пайда болуына әкелді.
Қазіргі таңда Жетісай қаласының аумағы – 1224,32 гектар. құрайды.
Қалада жалпы ұзындығы 132,84 шақырымды құрайтын 200-ден астам көше бар. 2019 жылы ұзындығы 0,73 шақырымды құрайтын 4 ішкі көше 4 млн 491 мың теңгеге тас төселуде, ұзындығы 4,28 шақырымды құрайтын 5 ішкі және 1 аудандық маңызы бар көше 72 млн 134,0 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілуде. Ағымдағы жылы Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі бойына «ҚазАвтожол»Ұлттық Компаниясы АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан Республикалық маңызы бар А-15 «Жібек жолы – Сарыағаш – Абай – Қызыләскер – Асықата – Жетісай -Гагарин» автомобиль жолының 88-90 шақырымы орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыстық бюджет есебінен 27 көшеге орта жөндеу және 1 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған» дейді қала әкімі Елшібаев Тұрышбек .
Одан бөлек , «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 69 жас маман жастар практикасына жіберіліп, әлеуметтік жұмыс орыны бойынша 154 азамат жұмыспен қамтылған, көріктендіру, көркейту, санитарлық тазалық жұмыстарына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 61 азамат қоғамдық жұмысқа тартылған екен.
«Жеті сыр» газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппардың қаладағы заңсыз құрылыстарға қатысты қойған сұрақтарына, қала әкімі былай деп жауап берді.
«2019 жылы қала бойынша өз бетінше жер учаскесін қоршап алған 46 азамат анықталды. Оның 28-і өз есебінен, 18 мәжбүрлеп бұзылған. Алдағы уақытта өзгеде заңсыз құрылыстарды анықтап тиісті жұмыстар жүргіземіз деді»
«Жаңа Жетісай» газетінің тілшісі Бибіажардың қаладағы ауыз су мәселесі қалай болып жатыр деген сауалына, Елшібаев Тұрышбектің жауабы былай болды:
«Денсаулықтың кепілі – сапалы ауыз су десек, жаз мезгілінде қаламыздың кейбір жерлерінде ауыз су тапшылығы байқалады. Бұл біріншіден абоненттер санының көбеюінен суды тұтыну көлемі жыл сайын өсуде, екіншіден су құбырларының негізінен тозығы жеткен. Аталған мәселерді шешу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «ҚазНұр» жобалау институты жеңімпаз болып анықталып, қазіргі таңда 80 көшеге жобалау-сметалық құжаттары рәсімделіп, сараптамаға жолданған. Сонымен қатар, қаламыздың 1-ші, 2-ші мөлтек аудандарын «Абай» топтық су жүйесіне қосу жоспарлануда, қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.»
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...