Түркістан облысында Жетісай қаласындағы «№119» жалпы орта мектебінде Республикалық зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында жас отбасылар арасында «Толағай» сайысы болып өтті, деп хабарлайды осы өңірдегі ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Жетісай қаласындағы «№119» жалпы орта мектебінде өткен «Толағай» спорттық отбасылық сайысына алты отбасы қатысты.
Жас отбасылардың сайысына арнайы қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев пен аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаевалар жастарға отбасы құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығы жайында ғибратты әңгімелерін айтып, ақыл-кеңестерін берді. Қатысушыларды алдағы келе жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
«Біз үлгілі отбасымыз» айдарымен өткен жас отбасылардың арасындағы байқаудың өтуіне аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі мен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі белсене атсалысып, демеушілік жасады.