Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз бөлімінде Асықата кентінің әкімі Бақыт Бегімұлы Серіков 9 айда атқарған жұмыстарының есебін берді.
Кент бойынша қысқаша мәлімет беретін болсақ:
Асықата кенті Түркістан облысы Жетісай ауданында орналасқан елді мекен. Асықата кентінің шекарасы Ынтымақ ауылдық округімен шектеседі. Аудан орталығы Жетісай қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Кенттің жалпы аумағы 365 гектар, тұрғындар саны 12034 адам. Қазақтар – 11298 (93,88%), Орыстар – 261 (2,16%), Басқа ұлттың өкілдері – 475 (3,94%) құрайды.
Кент әкімінің айтуына қарағанда әлеуметтік сала бойынша 2019 жылы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 205 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған, оның ішінде уақытша жұмыспен қамтылғандар 26 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4 азамат тартылып, 157 азамат жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген ресми жұмыссыздар саны 25 ада.
Кент бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны төмендегіше:
Шартты түрде – 730 отбасы
Шартсыз түрде – 37 отбасы
Білім беру және мектепке дейінгі тәрбие бойынша тоқтала кетсек.
Асықата кентінде мектепке дейінгі тәрбие беретін мемлекеттік «Наурыз», «НұрАсықата» балабақшалары және «НұрСаят», «Бала нұры», «Аяш апа», «Ализа Аян», «Назен апа», «Нұр Асыл-ай», «Жансезім» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ашылған балабақшалар жұмыс істеуде. Мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігі негізінде жұмыс жасайтын бала бақшаларын ай сайын қаржыландыру жұмысы ондағы балалар санына қарай жүргізіледі. Кентте бала бақшамен қамту мәселесі толық шешілген. Бала бақшалардағы бала саны -1146 (Мектепке дейінгі жастағы балалар саны – 1540).
Ал білім беру саласы бойынша Асықата кентінде білім беру нысандарынан 2 мектеп гимназия, 2 жалпы орта мектеп (3092 оқушы) және 1 колледж (510 студент) орналасқан. Барлық мектептерде жетім және аз қамтамасыз етілген балаларға күнделікті тегін ыстық тамақтар беру толық қарастырылған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша
Кентте орналасқан денсаулық сақтау орындарынан аурухана , емхана және жедел жәрдем орталығында 122 дәрігер және 483 медбике кент тұрғындарының денсаулығын сақтауға қызмет етуде. Бұған қоса лицензия арқылы жұмыс істейтін жеке меншік 13 дәріхана тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.
«Кентте жеке кәсіпкерлік нысандар саны – 151, оларда жұмыс істейтіндер саны – 759 адамды құрайды. Қаржы иниституттары арқылы 2019 жылы алынған несиелер – «Ырыс» микроқаржы ұйымынан мал шаруашылығы бойынша 1 жоба – 20,0 млн. теңге. Ауылшаруашылық қолдау қорынан 5 жоба – 15,8 млн. теңге. Жыл басынан тартылған ивестиция көлемі – 122,0 млн теңгені құрады» дейді кент әкімі Бақыт Бегімұлы