• Latest
ӘКЕ АРМАНЫ

ӘКЕ АРМАНЫ

01/06/2023
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, July 12, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

ӘКЕ АРМАНЫ

01/06/2023
in Қоғам
0
ӘКЕ АРМАНЫ
541
SHARES
1.5k
VIEWS

Әлі есімде  жаз болса болды  әкем  маған тете інімді қасына ертіп алып,  Николайдан қалған көпірдің тұсына барып қамыс оратын.  Кешке сүлдесі кетіп әрең дегенде  үйге жетіп құлайтын. Қара күзге дейін тірлігі осы.  Ажырық, жантақ орған кезде дәл бұлай  әбіржімейді,    орылған шөптердің дегдуін күтіп  шөмеле шөмеле жасап, теміржолшылардың  ГАЗ-53-ке тиеп алып келіп,  қораның үстіне қыздың жүгіндей етіп әдемілеп жинап қоятын.  ГАЗ-53-ке де кезекке тұрады. Ауылдағы жалғыз жүк көлігі болған соң денесі алпамсадай шофердің дәурені жүріп тұр.  Мінезі дөң шофердің  келісе кетуі де екіталай, демалыс күн жақындай бастағанда ауылдағы ірі бастылар  шофердің әуеніне төңкеріле бастайды. Шөп түсірген үйде сол күні кішігірім той,  бауырсақ пісіріліп,  ет асылып бір шишаны ортаға қойып алып,  шоферді құдайдай  күтеді. Ертесіне  шофер  түк болмағандай бүгілген қазық сияқты темірмен машинасын қолмен  оталдырып  мені көрдің бе дегендей  ауылды қақ жарып арылдатып өте шығады. Күнмен кеуіп тозығы жеткен машинаның  шанағының  тақтайлары машина орнынан қозғалған сайын    шықырлап  теміржошылардың  зәресін алады.  Ойдым-ойдым жерлерге келгенде шықпа жаным    шықпа деп отырған     жұмысшылар бірде сол жаққа, бірде оң жаққа ауып  Ванька станька сияқты домалайтыны тағы бар. Бірде әкем  орған қамыстарын машинамен  алып келген күйі  түсіруге асықпады.  Бау-бау  етіп  буылған қамыстар сықиып тұр. Әшейінде  денесі еңгезердей болғанмен дегбірсіз шофер де әкемнің қасында  үн-түнсіз.

Уақ мал жүріп, жалтыратып айнадай еткен  қораның алдына қойылған машинаның көлеңкесіне  жайбарақат молдасақым құрып жайғасып алыпты.  Әкемнің көңіліне қарап  отырған сияқты. Не керек сол күні тиелген қамыс түсірілмеді, үйде абыр-сабыр болып шофер күтілмеді. Кешке анашым  әкемнің ең сүйікті асы сыркүріш жасапты. Сары майды шыжғырып тұрып тортасын шығарып бетіне құйған кезде ауызыңнан дәмі кетпейтін ас. Әңгіме  тамақты бабымен пісіруде ғой. Тамақ желініп, шәй ішіліп болған соң анам жәйлап әкемнен сыр тартты. «Неге қамысты түсіріп машинаны босатпадыңдар?»-дегені сол әкем кемсеңдеп қоя берді. Қолындағы насыбай шақшасының тығынын бір ашып, бір жауып әлек. Отырабатқа көшіп келгелі  іздеумен әлекпін, ешбір таба алмадым. Қамысты тиеп болып салқын жерде дем алып алайын деп  қисайып жатсам көзім ілініп кетіпті. Анамның орамалын  түсімде көріппін. Аспанда қалықтап ұшып жүр ешбір ұстай алмадым. Өз даусымнан өзім оянып кетіппін. Енді іздеудің керегі жоқ деп түсімде аян берді деп өксіп қоя берді. Үлкен адамның жылағанын бірінші рет көруім. Анам біраз сырды білетін сияқты, сол салмақты күйінше жаны жанната болсын деп бетін сипалады. Сәл үнсіздіктен соң әкем жарылып сөйлей бастады.

– Сен не білесің. Бидің қызы болдың, әкең мен шешеңнің қасында шолжаңдап өстің, қуғын басталмай жатып қырғыз асып тау ішіне жайғастыңдар. Әкең болса діндар адам қай жерге болса да көшімен бірге сиып кетті, керуен басы болып күн кештіңдер, менің болса көрмегенім жоқ, анамның түрі еміс-еміс қана  есімде. Есімде қалғаны алшынннан шыққан Айша сұлу деп атайтыны. Әкем Шоқтайдың бәйбішесі Күлшекүлден Дүйсек Айшадан мен  және әпкем Назым дүниеге келіппіз. Әкеміздің ақылдылығы соншалық бәйбіше    мен тоқалдың балаларын ауыстырып еміздірген.          Не деген көрегенділік. Нағыз еркек бас ие деген осы. Содан болар Күлшекүл анам мені өзінен шыққан Дүйсектен де көрі жақсы көретін.

Бабамның аты Нұр, Нұрдан Тұңғышбай, Тұңғышбайдан әкем Шоқтай тараған.  Біздің әулеттің  жаздық жайлауы  қаратаудың етегіндегі Күмістіде, қыстық жайлауы Саржазда еді.  Бізді Ешкілі байдың тұқымдары деп атайтын. Қартаудың жота жотасына жайлаған  уақ малдардың әсіресе ешкілердің санын ешкім білмейтін. Тұңғышбай атам ғана қаншауын сойып жедік деп, аса таяғынан кертіп белгілеп отырған, қаншаға көбейді оны ешкім санамайтын. Жайбарақат заман ұры-қары деген болмайтын.  Күмістіге  көшудің өзі бір тарих.  Бірде Тұңғышбай атамның інісі Батыр серілігі мол  болған деседі, жорға мініп ел аралап жүргенде Күмістіде алтын құмға көзі түсіп  екі көзі бірдей ағып кетіпті. Алтын көздің нұрын алады деген бекер емес екен. Содан  екі  көзі бірдей көрмей түнек соқыр болып қалыпты. Бірте-бірте сол соқыр   Батыр құмар ойнаудан  алдына жан салмайтын құмаршы атаныпты. Екі көзін тарс жұмып алып есептегенде  ешкім төтеп бере алмапты. Содан болар ауылдағылар Батыр келе жатыр дегеннен қыз қырқын, әйел біткенді Батырдан тығатын болыпты.   Батыр қамыр илеп, нан жайып отырған әйелге, есіктен төрге қарап отырған әйел баласына тиіспейтін құмардың шартын сақтапты. Сол Батыр атамыз ағаларына алтын көргенін  айтып жаздық жайлауды Күмістіге көшіртіпті. Ең алғашқы болып алтын өңдеуді  бастаған да біздің әулет  деген кезінде еңсесі түсіп отырған  әкем  отырған орнынан  бір қозғалып қалғандай  сезілді. Одан кейін көресіні көрдік қой. Көресіні көрмей көрге кірмейсің деген осы да.

Сол бір зобалаң жылдары қазақ атаулыға қиын болды ғой. Әсіресе  бай атаулының бәріне қызылдар қырғиша тиісті. Іштен шыққан жау жаман дегендей  көрмеген тауқыметіміз жоқ.

Жасым сол кезде шамасы көп болса бес алтыларда.

Байлардың малын тартып алып, өздерін итжеккенге айдап жібереді-мыс деген әңгімені ести салысымен атамыз Тұңғышбай «Қызғанғаным қызыл итке жем болмасын»-деп бір түнде барлық мал біткенді ауылдағыларға жапа тармағай таратып жіберді де,  он шақты түйеге бар дүниені артып қатын қалаштарды арбаға отырғызып  жолға шықтық.  Таң ата  біздің көшті  шолақ белсенділер мен қызылдар қуып жетіп, Тұңғышбай  атам мен әкемді   аттарынан сүйреп түсіріп  алдына салып айдап алып кетті.  Жылап-сықтап қала бердік.  Қалғандарымызда шаруасы болған  жоқ, түйеге тиелген түйіншектерге де мән беріп ешкім қарамады.

Алдымызда айдап бара жатқан мал болмаған соң   ең басты керегі ірі бастыларымыз  атам мен әкем болса керек.

Көштің басын  Күлшекүл әжем басқарып келе жатыр. Күніне екі-үш рет түстеніп дем алып,  тамақтанып әл жинап аламыз.  Қанша күн жүргенімізді білмейміз, шойын жол бойындағы  көпірден өтіп  біраз жер жүріп  түйелерді шөгердік. Әлденіп алған соң әжем  ақнардағы  жүкті ақтарып  ішіндегі  аттың басындай қож қож алтындарды  ақ киізге орап қыл арқанмен  байлап бірнеше үлкен үлкен бума жасады. Әлгі бумалардың  қасына Дүйсек ағам екеуімізді  шақырып алып, мына жерді естеріңе сақтап алыңдар, әулеттің бар байлығы осы ақ киізге ораулы осы маңға  тереңдетіп көміп кетеміз, елге оралсаңдар аман-есен қажет болады деп екеуміздің басымыздан сипады да маған қарап, айналайын туған анаң Айшаның орамалын  саған берейін қазір өзіңнің үлесіңді осы орамалға орап ақ киізге бөлек орап салайық, өз қолыңмен  шиелеп байлашы қыл арқан ешқашан шірімейді,бірақ алтын көшеді, осы орамалдан танып аласың өз үлесіңді деп басымнан сипап мейірленіп иіскеді. Малшыларымыз сол кезде адал екен  тереңдетіп жерді қазып  ақ киізге оралған сом алтындарды әжем айтқан жерлерге көмуге көмектесті. Шойын жолдан алыс емес жерде  бес алты үйдің қарасы көрінген соң  соған бет алдық. Сол  ауылда  екі үш күн  қонып әжем бәрімен танысып алыпты. Тағы да әжем Дүйсек ағам екеумізді жанына шақырып алып, ақылдасатын нәрсе бар еді деді. Айналайындар сендер біле бермейсіңдер  әлі қырғыз еліне жетуге біраз жол бар,жолда қарақшы деген болады, қарақшылар алтын мен қызға өш болады осы Назымды осы ауылда Нұғман деген жетім бала бар екен,  кішкене болса да соған қосып кетсек ризашылығымызды беріп, жасы он үшке толғанда некелеп қоса жатар деп бетімізге қарады.  Ол кезде Назымның жасы он бірге де толмаған. Дүйсек ағам жылап қоя берді, мен де қосылып жылап отырмын.  Сонымен не керек Назымға айтпастан түнделетіп Назымды белгісіз жанға тастап кете бардық. Тауқымет деген осы. Азанда тұра салып бізді іздейтін болды ғой  күйеуге береді дегенді түсініп тұрған мен жоқ қалдырып бара жатырмыз деп жылаймын. Әжем қосылып жылайды арасында Көріңде өкіргір Сатыш дегенді қайталап айта береді. Түбімізге жеткенде өз ағайынымыз жетті ғой жолға шыққанымызды Сатыш қана білетін еді, іле-шала жеткізіпті деп сырын айтып қояды.

Содан арып аршып қырғыздың еліне де жеттік-ау.. Әжем жарықтық ат басындай алтындарды  көміп кетті енді түгіміз жоқ шығар деп жүрсек оншақты пар  добалдай етіп құйған алтын үзеңгіні алып қалған екен. Былайша қараған адамға алтын деп те ойламайсың  қоспасы көп па үзеңгіні алтыннан соғады деген ешкімнің басына да кіріп шықпас. Аттың үзеңгісін түйеге де пайдаланып келіппіз. Қырғыздың Қызылқия деген жеріне барып қоныстандық.  Қиналған  кезде үзеңгілерді бір-бірлеп өткізіп талғажу еттік. Ол жерде бір ауыл ауып қазақстаннан  келген қазақтар бар екен.  Сол жерде  аналарыңа үйлендім. Сталин дүниеден өткен соң қазақстанға көшіп келдік.  Қазақстанға келгенде тура Назым әпкемді тастап кеткен ауылға алтындарымызды  көмген шойын жолда  Николайдан қалған темір көпірі бар ауылға көшіп келдік. Ауылдың аты Отырабат стансасы екен.

Теміржолға жұмысқа орналастым.Содан жаз болса болса балалық шағымда  түйелерімді шөгеріп ақкиізге ораған бабаларымның алтын мұрасын, анашымның  иісі мұрнымды жаратын ақ орамалын іздеймін.Алтын көшіп кетсе де анашымның ақ орамалы бір  қамысқа оралып тұр ма екен деп іздеймін деп көзінің жасын сығып алды. Одан бері де отыз жылдан асып кетіпті. Әкем де анам да мәңгілік мекеніне кетті. Он шақты жыл бұрын атаусыз кеткен аталарымызға  арнап ас та бердік, киім де тараттық,бірақ  әке арманы орындалмай қалды.

Соңғы екі үш жылдың көлемінде жазықсыз   қуғын-сүргінге ұшыраған  Тұңғышбай, Шоқтай аталарымызды іздеп жазбаған жерім жоқ.  Ірі байлардың атын әдейілеп өзгертіп жіберген деген сөздерді де естідім. Көне жазуды оқитындармен  де сөйлесіп көрдім.   Пайымдап қарасам осы   жылдар шамасы  ел ішінде сенімсіздік  пен қорқыныш пен қорғансыздық жылдарына 1920 жылдарға тура келеді. Филипп Голощекиннің қолдан жасаған ашаршылығы, Сталиннің «ұлы бетбұрыс» саясаты да кейін басталған. Құпия жағдайда мал мүлікті тәркілеу басталмай жатып ұсталып кеткен, сол заманда ақ алтын өндірісімен айналысып  бір ауылды асыраған,  ешбір жазықсыз  қуғынға ұшыраған   бабаларымды іздеуден жалықпаймын, ақылды әжелерімді мақтан тұтамын.31 мамыр  – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні бүкіл қазақ халқы үшін ауыр күн, ал бабалары әділетсіздіктің құрбаны болған, әке арманы орындалмаған  аса  ауыр күн.

 

Жантөреева Қалыйма

                                                                                   Түркістан облысы  мәслихатының   депутаты, «AMANAT» партиясы

      Түркістан облыстық филиалы

 төрағасының орынбасары, 

Түркістан облысының Құрметті азаматы

Previous Post

ORDABASY: КӨЛТОҒАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Next Post

Уақытша депутаттық комиссия Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарын аралады

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post

Уақытша депутаттық комиссия Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарын аралады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In